“Мектепке жол” облыстық акциясы басталды
Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Н.Нұрлыбаев хабарлады. «Бүгін жыл сайынғы «Мектепке жол» облыстық акциясы басталды. Басты мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушылардың және жетім балалардың, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың әлеуметтік себептер бойынша мектепке келмеуінің алдын алуға бағытталады. Яғни оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсетіледі. Бұл акция 1 тамыз – 30 қыркүйек аралығында өткізіледі», – деді Нұржан Мәдірайұлы.
Спикердің сөзінше, әрбір елді мекенде, қала маңындағы саяжайларда, бөлімдерде, фермаларда «тәуекел тобындағы» балаларды анықтау үшін рейд жүргізілмек. Рейдтердің қорытындысы бойынша тізімдер жасалады. Бұл тізім білім беру органдары мен демеушілерге беріледі. Сонымен қатар, акция кезеңінде сенім телефондары мен қоғамдық қабылдаулардың үзіліссіз жұмысы ұйымдастырылады.
Брифинг барысында, Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының бас маманы Ғ.Әмірәліқызы, тізімдер ата-аналардан өтініштерді қабылдау арқылы жасалатынын және оған белсенді қатысуға мүмкіндік бар екенін жеткізді. Айта кетейік, мұқтаж жандарға көмек¬тесуді, сондай-ақ демеу¬шілік көмек көрсетуді қалайтын кез кел¬ген адам Басқарманың +7(707)-684-71-00 байланыс телефонына хабарласа алады.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі