Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Украина билігі Донбасс тұрғындарын эвакуациялайды

 Украина үкіметі Донецк облысының Ресей әскері жаулап алмаған аудандарында тұрып жатқан тұрғындарды жылыту маусымы басталмай тұрып эвакуациялайды. Бұл жөнінде Украина вице-премьері Ирина Верещук хабарлады.

 Оның айтуынша, аталған аудандарда газ құбырлары істен шыққан, сол себепті қыста жылу болмайды. Верещуктің айтуынша, Донецк облысынан кемінде 200 мың адам эвакуацияланады. Вице-премьердің сөзіне қарағанда, тұрғындар эвакуациядан жазбаша түрде бас тарта алады. Ондай жағдайда сондай шешімнің салдарына өзі жауап беретіні жайлы қолхат жазып беруі тиіс.

 Алдағы уақытта міндетті эвакуация Запорожье облысында жариялануы мүмкін. Мұнда халықтың 65 пайызында газ жоқ.

Сәйкес жаңалықтар

Су тасқыны. Бозымбаев СҚО-дағы 47 отбасына баспана кілтін табыстады

admin

Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығу жасы 2028 жылдан бастап өзгереді

admin

Шымкентте жылына 100 мың дана металл бөшкелерін өнідіретін кәсіпорын жұмыс жасайды

admin