Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

ҰҚК Жамбылда шекара қызметінің офицері қаза болғанын хабарлады

 27 шілдеде Жамбыл облысы Қордай ауданының орталық ауруханасында ҰҚК шекара қызметінің офицері Азат Үмбетұлы қайтыс болды. Бұл жөнінде 29 шілдеде ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады. ҰҚК хабарламасында офицердің миына қан құйылып, қайтыс болғаны айтылады. Бірақ оған не себеп болғаны жазылмаған.

  «Аталған факт бойынша Қазақстан ІІМ оңтүстік аймақтық әскери-тергеу басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр» деп жазылған хабарламада.

 Orda.kz сайты мен «ЭкспрессК» басылымдары офицердің өліміне застава басшысымен төбелес себеп болғанын жазды. Оқиға Өтеген батыр заставасында болған деп айтылады. Төбелес кезінде Азат Үмбетұлының басына қатты соққы тиіп, ауруханаға түскен. Артынша мерт болған. Куәгер сөзіне сүйенген «ЭкспрессК» жазуынша, мерт болған жігіт 1990 жылы туған, Шымкенттен келген. Әзірге оқиға болған застава мен ҰҚК аталған ақпаратқа түсініктеме бермеді.

Сәйкес жаңалықтар

ЕХӘҚМ Әлеуметтік Кодекс жобасын түсіндіру үшін өңірлерге мобильді топтар жібереді

admin

ШЫМКЕНТ: «Ұтқыр» әлеуметтік патрулі қалада рейдтік тексеру жұмыстарын жүргізуде

admin

Шымкентте екі жасар бала сірке қышқылын ішіп қойды

admin