Кеген ауданының тұрғындары Алматы-Нарынқол жолын жауып, жаңа асфальт салуды талап етіп тұр

 Бүгін, 25 шілдеде Алматы облысының Кеген және Райымбек ауданының тұрғындары Алматы-Нарынқол күре жолын жауып, наразылық акциясына шықты. Наразылыққа жиналғандар түсірген видеолардан жүздеген адамның Кеген ауданындағы Қайқы асуы тұсында жолды жауып, жауапты мекемелердің басшыларына наразылығын білдіріп тұрғаны көрінеді. Күре жолдың екі жағынан келген жүздеген автокөліктің өте алмай тұрғаны байқалады.

 Жиналғандардың сөзінше, Кеген мен Қайқы асуы арасындағы 15 км жолды былтыр шілдеде орта деңгейде жөндеу жұмыстары басталған, алайда көп ұзамай жұмыс тоқтап қалған.

ПІКІР ЖАЗУ