Израильдік компания Түркістан өңіріне инвестиция салуға ынталы

  Израильдік халықаралық LR GROUP компаниясы Түркістан өңіріндегі агроөнеркәсіпке үлкен серпін әкелмек. Облыс әкімі аппарат басшысының орынбасары Ілияс Досқожаев пен облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшылығы Түркістан жеріне Израиль елінен арнайы келген халықаралық компания өкілдерімен кезде­сіп, қос тарап екі жаққа да тиімді келісімге келді. Шетелдіктердің облыстың аграрлық саласына инвестиция құямыз деген ниеті құпталды. QazaqBioProduct компаниясы израильдік серіктестермен бірлесе отырып, қызанақ, қияр, қарбыз, қауын, салат және т.б. көшеттерін өсіретін жылыжай салу жобасын жүзеге асыру мүмкіндігін қарастыруда. Басқосуда шетелдік ірі компанияның бүгінгі өркениет талаптарына сай келетін жаңа техно­логияларына және оның тиімділігіне баса назар аударылды. Жылыжайға бақша дақылдарын өсіру барысында израильдік озық технологиялар пайдаланылады.

Биыл Түркістан облысының егіс көлемі 851 000 гектарға жетті. Қосымша 26 гектарға жылыжайлар салынып, республикадағы үлесі 71%-ды құрап, алаңы 1,5 мың гектарға жетті. «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» жобасы бойынша 8 400 гектарға 3 000 жоба жүзеге асырылып, 145 500 тонна көкөніс өнімі жиналды. Жалпы 3,1 млн. тонна көкөніс, бақша, картоп өнімдері жиналады. Түркістан қаласы аумағында азық-түлік белдеуін қалыптастыру аясында құны 34,3 млрд. теңге құрайтын 5 серпінді ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Жалпы жыл қорытындысымен ауыл шаруашылығы өнім көлемі 1 трлн. теңгеге жеткізілетін болады.


Израильская международная компания LR GROUP намерена придать большой импульс агропромышленности Туркестанского региона. Заместитель руководителя аппарата акима области Ильяс Доскожаев и руководство областного управления сельского хозяйства встретились с представителями международной компании, специально прибывших в Туркестан из Израиля. Иностранцы выразили желание инвестировать в аграрную отрасль региона. В частности, компания QazaqBioProduct совместно с израильскими партнерами рассматривает возможность реализации проекта по строительству теплицы для выращивания рассады томатов, огурцов, арбузов, дыни, салатов и других культур. Особое внимание уделяется новым технологиям. При выращивании садовых культур в теплицах будут использованы передовые израильские технологии.

В этом году посевная площадь Туркестанской области достигла 851 000 гектаров. Дополнительно построены теплицы на 26 гектарах, доля в республике составила 71%, а площадь достигла 1,5 тыс. га. По проекту получения 2-3 урожаев в год с одной площади реализовано 3000 проектов на 8400 га, собрано 145 500 тонн овощной продукции. Всего будет собрано 3,1 млн тонны овощей, бахчевых, картофельных продуктов. В рамках формирования продовольственного пояса на территории Туркестана реализуются 5 прорывных крупных инвестиционных проектов стоимостью 34,3 млрд тенге. В целом по итогам года объем сельхозпродукции составит 1 трлн тенге.

Дереккөз: Түркістан облысының әкімдігі

ПІКІР ЖАЗУ