Қызметіміздің негізгі тірегі- еліміздің тілегі

  “Сауран” секторындағы өткен соңғы кездесуінде қала басшысы Нұрбол Тұрашбеков тиісті бөлімдер мен орынбасарларына 41 тапсырма берді. Қазірде аталған тапсырмалардың орындалуы бойынша жүйелі жұмыстары жүргізілуде. Сектор көшелеріндегі тазалық күнделікті қадағалануда. Тазалық сақтамаған 61 азаматқа хаттама толтырылды. Мөлтек аудандарда заңсыз деп танылған 45 нысан анықталып, оның 21-і сүрілді. 369 кәсіпкерлік нысан иелеріне баға тұрақтылығы бойынша түсіндірме жұмыстары жасалды. Балалар ойын алаңшаларының тазалығы күшейтілді. Б. Майлин көшесі көгалдандырылып, С.Ерубаев көшесіне аялдама орнатылды.

  Қазіргі таңда секторда газ құбыры жүргізілген – 8421 абонент бар. Оның 7982- і көгілдір отын қолдануда.
39 көшеге афальт төселген, 60 көшеге тас төгілген. Жаяу жүргіншілерге арналған жол – 40 көшені қамтыса, 81 көшеге жарықшамдар орнатылған.

Дереккөз: Түркістан қаласының әкімдігі

ПІКІР ЖАЗУ