Еліміздің түкпір- түкпірінен келген спортшылар республикалық турнирде бақ сынауда
Бүгін Түркістан қаласының “Құрметті азаматы”, саналы ғұмырын орталықтың экономикасы мен әлеуметтік дамуына арнаған абзал азамат Әліпбек Шәріпбекұлы Өсербаевты еске алуға арналған үстел теннисінен жасөспірімдер арасындағы Республикалық турнир ашылды. «Балуан Шолақ атындағы балалар мен жасөспірімдер спорт кешенінде» өтіп жатқан бәйгеде 9- 15 жас аралығындағы республиканың түкпір-түкпірінен келген спортшылар бақ сынасуда.
Атап айтқанда, Алматы, Қызылорда облыстары, Сарыағаш, Түлкібас аудандары мен Түркістан қаласының жас теннисшілері жарысуда. Шараның ашылу салтанатында қаламыздың Еңбек ардагері, қаланың “Құрметті азаматы” Үмбет Жүсіпбаев пен Облыстық спорт басқармасы басшысының орынбасары Айтмұхаммет Бердашов, қалалық мәслихат депутаты Тәжібек Мұсаев арнайы сөз сөйлеп, естеліктерімен бөлісті. Сонымен бірге, Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Кузембаев сөз алып, турнирдің жастар арасында спортты дамытуда үлкен үлес қосатынын айтты. Айта кетейік, жарыс 21-24 шілде аралығында өтеді. Одан бөлек, турнир тамыз айында волейбол және кіші футболдан жалғасын табады. Әліпбек Шәріпбекұлы Қазақ химия-технологиялық институтын бітірген соң еңбек жолын Қарағандыда қарапайым машинист болып бастаған. Жиырма жылдай құрылыс саласында еңбек еткен. Кентау мен Түркістан қаласы әкімінің орынбасары болып қызмет етті. Облыс басшысының бірінші орынбасары, үш мәрте Түркістан қаласының әкімі лауазымдарын атқарды.
Дереккөз: Түркістан қаласының әкімдігі