Түркістанда тұрғындардың орманға баруына уақытша тыйым салынбақ

  Бұл туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тиісті қаулысы «Ашық» НҚА сайтына жарияланды , деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «2022 жылдың 25 шілдесінен 1 қазанына дейін жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салынсын. Бұл аралық ормандарда өрт қауіпі жоғары кезеңдер болып есептеледі», – делінген қаулыда. Құжатқа сәйкес, мұндай шара облыс аумағындағы орман алқаптарында өрт оқиғаларының алдын алу мақсатында қабылданып отыр. Айта кетейік, таяуда Түркістан қаласында жасанды көлі бар саябақ ашылды.

 Дереккөз: ҚазАқпарат баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ