Мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй алудың түрлі жолдары талқыланды

 Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен кезекті апталық мәжіліс өтті. Жиында тұрғын үй мәселелерін, оның ішінде алғаш рет жүзеге асып жатқан жалдау ақысын субсидиялау тетіктері  талқыланды.
Облыс орталығында бүгінде «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасы жүйелі жүзеге асырылуда. 2021 жылдың қорытындысымен, конкурс нәтижесі бойынша 500-ге жуық отбасы тұрғын үй сатып алды. Биыл 200-ден астам пәтердің конкурсы жарияланды. Одан бөлек, «Отбасы банк» АҚ арқылы 2021-2022 жылдар аралығында 1 мыңнан астам пәтер сатылымға шықты.Облыста тұрғын үйді жалдау ақысын субсидиялау алғаш рет жасалуда.
Биыл облыстық бюджеттен 500 млн. теңге қаралып, бүгінгі таңға «Отбасы банк» АҚ-мен бірге келісім-шарт дайындалды. «Отбасы банкпен» 3635 өтініш қабылданып, тең жартысы мақұлданды. Қалған өтініштер бойынша жұмыстар жалғасуда. Облыстық бюджеттен тұрғын үй жалдау ақысын субсидиялауға 1493 азаматтарға 25 млн. теңге қаржы қаралды.

ПІКІР ЖАЗУ