Құркелесте жол жөндеу жұмыстары қарқынды түрде қолға алынды

 Сарыағаш ауданы Құркелес ауылдық округі Жаңаталап елді мекеніндегі халқы көптен бері кездесулерде жол мәселесін көтеріп келген. Нәтижесінде аудан әкімінің бекіткен іс-шара жоспарына еніп, былтырдан бері аталған елді мекеннің барлық көшелері кезең-кезеңімен ретке келтірілуде. Бүгінгі таңда Жаңаталап елді мекеніндегі жалпы ұзындығы 0,99 шақырымды құрайтын Наркөшкен және Серуен көшелеріне асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар ағымдағы жылы аталған елді мекенде жалпы 10 көшеге шағал төсеу жұмыстары жүргізілетін болады. Қарқынды жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары тамыз айының соңына дейін толығымен пайдалануға берілуі жоспарлануда.
Осыған орай ауылдық округі әкімі Қ.Иматов және аудандық жолаушылар көлігі және автомобиь жолдары бөлімінің басшысы А.Жапбаров асфальт төсеу жұмыстарының барысын қадағалап қайтты. Сондай-ақ, тапсырыс беруші ауданның жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы А.Жапбаров жол құрылысын жүргізіп жатқан мердігер мекемеге асфальт төсеу жұмыстарының сапалы болуын және белгіленген уақытта халық игілігіне берілуін тапсырды.
Айта кетсек Құркелес ауылдық округі бойынша биылғы жылы жергілікті бюджет есебінен жалпы 27 көшенің 26,8 шақырымына асфальт және шағал төсеу жұмыстары жүргізілетін болады.

 Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ