Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбековтің тапсырмасына сәйкес, орынбасарлары мен бөлім басшылары өзекті мәселелерді зерделеді

? Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбековтің тапсырмасына сәйкес, орынбасарлары мен бөлім басшылары өзекті мәселелерді зерделеп, шешілуін жоспарлау мақсатында қала тұрғындарымен кездесуін жалғастыруда.
? Түркістан қаласының тұрғыны Таир Юлдашев қала әкімімен кездесу кезінде Ж.Қыдыр және Ибрахим ата көшелерінің жағдайын айтып, мәселені назарға алуды сұранған болатын. Ал, Хакимов Сайткарим қария Малдыбеков көшесіне ауыз су құбырын жүргізуге ықпал етуін өтінген.
? Бүгін қала әкімінің орынбасарлары Тасов Жандос пен Ерлан Кузембаев аталған мәселелер бойынша тұрғындармен кездесті.
? Көше бойынша, биыл жол негіздері қайта әзірленіп, тас төселетіні, жауын-шашын суы үшін арнайы қашыртқы қарастырылатыны түсіндірілді. Сонымен қатар, Малдыбеков көшесінде таза ауыз су жүйесінің құрылысы шілде айының ішінде басталатыны жөнінде мәлімет ұсынылды.

Сәйкес жаңалықтар

Биыл ұсақ бұзақылық жасаған 11 мыңнан астам азамат жауапқа тартылды

admin

Түркістанда «Отбасыңмен он тал ек» акциясы жалғасын тапты

admin

Алматыда 22 жыл бойы троллейбус жүргізген келіншек: Жұмысымның еш қиындығы жоқ

admin