Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

7 жасар бала су толтыратын ыдысқа кіріп, шыға алмай қалған

 ҚазАқпарат — Түркістан облысында 7 жастағы қыз бала су толтыратын ыдысқа кіріп, шыға алмай қалған. Оны туыстары шығара салмаған соң, құтқарушыларды шақырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқыс оқиға Жетісай ауданының Атакент елді мекеніндегі үйлердің бірінде болған. Ата-ана қарауынсыз қалған жеткіншек су толтыруға арналған алюминий құтыға денесімен кіріп, қыстырылып қалған. «Авариялық-құтқару жұмыстарына Түркістан облыстық ТЖД-ның 4 құтқарушысы жұмылдырылды. Құтқарушылар сағат 12:30-да арнайы құрылғы арқылы контейнерді кесті, баланы жарақатсыз алып шығып, ата-анасына тапсырды. Қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақты», — делінген хабарламада.

 

Сәйкес жаңалықтар

Қазығұрт ауданы аумағындағы бензин және дизельдік отын бойынша мониторингтік жұмыстарының барысы

admin

Полиция түнгі уақытта ойын-сауық орнында жүрген жасөспірімдерді жауапқа тартты

admin

Мақтаарал халқы референдумға белсене қатысады

admin