Түлкібастық 1700 оқушы жазғы лагерде тегін демалады

 Бүгін 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай Түркістан облысы, Түлкібас ауданына қарасты барлық ауылдық округ, кенттерде ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылды. Сондай Жаскешу ауылына қарасты С.Сейфулин мектебінің алаңында өтіп, мектеп жанындағы жазғы сауықтыру лагері ашылды. Оған Түлкібас ауданының әкімі Нұрлан Байғұт, ардагер ұстаздар мен ата-аналар қатысып, оқушыларды төл мерекелерімен құттықтады.
– Бала – адам өмірінің жалғасы, артында із қалдыратын ұрпағы. Тағылымды тәрбие – бала болашағының іргетасы. Осы ретте қазақ даласының әр баласына білім мен өнегелі тәрбие беруге бірігіп атсалысуымыз қажет, – деді аудан басшысы.
Мерекелік іс-шара барысында келген қонақтарға балалардың өз қолдарымен жасаған қолөнер бұйымдары мен суреттерінің көрмесі қойылып, «Жас құтқарушы», «Жас турист» бұрыштары ұсынылды. Эстафета ойындарына ұласты.

 Айта кетейік, биыл Түлкібас ауданында аз қамтамасыз етілген отбасын шыққан және қамқорлықтағы 1700-ден астам оқушы қала сыртындағы лагерлерде 100 пайыз тегін демалатын болады. Бұдан бөлек 9 мыңға жуық оқушы мектеп жанындағы лагерлермен қамтылса, 4 мыңнан астам оқушыны кәсіпорын ұйымдары, мекеме басшылары, демеушілер және ата-аналар есебінен аудан, облыс, республика көлемінде орналасқан сауықтыру орындарына жіберу жоспарланып отыр.
БҒМ балалар құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Элина Паули лагерьге тегін жолдаманы кімдер алатынын айтты.
Оқу жылын аяқтаған балалар енді жазғы демалысты тиімді өткізудің қамына кірісті. Қуаныш пен шаттыққа толы ұмытылмас естеліктер қалдыратын жазғы лагерь оқушылар үшін таптырмас мүмкіндік.
Ал, жазғы демалыс лагерьлеріне тегін бару мүмкіндігін әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларының 61%-ы, ерекше білім қажеттілігіне мұқтаж балалардың 64%-ы, түрлі салада жетістікке жеткен оқушылардың 78% және девиантты тәрбиедегі балалардың 82%-ы алады. Сонымен қатар тегін демалу құқығы:
атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға;
жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейі төмен отбасылардан шыққан балаларға;
жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
төтенше жағдайлар салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға;
мектептің қамқоршылық кеңесі анықтайтын өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге беріледі
Бұл жолдамаға ие болу үшін аталған санаттағылар білім беру ұйымының атына өтініш жазуы керек. Қажетті құжаттар тізімін сол мекемеден білуге болады.

 «Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру әрі жолдама беру жергілікті атқарушы органдар құзыретінде және олардың қаражатына байланысты үлестіріледі. Жазда 11 мыңнан астам мектеп жанындағы әрі қала сыртындағы сауықтыру лагері жұмыс істейді. Биыл өткен жылмен салыстырғанда 500 мыңға артық бала лагерьде демалады. Ал жазғы сауықтыру демалысымен қамтылатын балалардың жалпы саны 2 млн 300 мыңнан асады», дейді Элина Паули.

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТЫҚ 1700 ОҚУШЫ ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЛЕРДЕ ТЕГІН ДЕМАЛАДЫ

 Республика бойынша 18 жоғары білім ұйымы 1306 балаға әр түрлі бағытта лагерьлер ұйымдастырады. 7 лагерь  мен 2 жатын орны жоғарғы білім ұйымдары есебінен, 8 лагерь ата-аналардың қаражатынан және 1 лагерь кәсіподақ атынан болмақ.

Жаз маусымы басталысымен балаларын түрлі лагерьлерге жібергісі келетін ата-аналардың уайымы көбейеді.   Бірі балаларының лагерьге барғанын дұрыс, бірі бұрыс көреді. Шын мәнінде жазғы лагерь қаншалықты қызықты әрі қауіпсіз? Ата-аналардың уайымы орынды ма? Біз бүгін осы туралы жазамыз.
Егер балаңыз жан-жағымен тез тіл табысып кете алатын болса, онда оның лагерьдегі әр күні қызықты өтпек. Әдетте лагерьге әр түрлі қалалардан, әр нәрсеге қабілетті балалар келеді. Олар өз тәжірибелерімен бөлісіп қана қоймай, балаңызбен әңгімелесіп, оның кез келген адаммен сөйлесу қабілетін дамытуына көмектеседі.
Жазғы лагерь – бұл тек демалатын жер емес. Лагерь – әр түрлі жарыстарға қатысып, баланың ашылмай жүрген талантын, белгілі бір қабілетін ашатын орын. Жарыстардан бөлек онда балалар өздері концерттік қойылымдар ұйымдастырып, спорттық ойындар ойнайды. Онымен қоса жазғы сауықтыру лагерьлерінде балалар топпен жұмыс істеуге, көпшіліктің ортасында өзін көрсетуге бейімделеді.
Лагерьде бала өзін еркін сезінеді

 Түрлі  ойындар, хормен ән айту, кешке би кеші – әрине, мұның бәрі жақсы. Бірақ лагерь баланың тәуелсіз болып жүретін жері. Себебі лагерьде бала ата-анасының қадағалауынсыз қалып, кішігірім шешімдерді өзі қабылдап, жеке жүріп дағдыланады. Демалыс орнында қыздардың шашын тарауға көмектесетін, ұлдардың заттары шашылып жатса жинап қоятын аналары болмайды. Міне, осындай ұсақ-түйек істерді балалар өздері істеп, ересектерше жүруге дағдыланады. Басында мұндай сәттер балаларға ұнамауы мүмкін. Алайда уақыт өте келе мұндай жағдайдың өздеріне пайдасы болады. Ата-аналарға да балаларының есейіп, өз істеріне жауап беруге үйренгені тиімді.
Лагерьдің тағы бір пайдасы – таза ауасы. Әдетте жазғы лагерьлер тауда, табиғат аясында орналасқан. Сабақтардың, іс-шаралардың табиғат аясында өтуі мектепте ең жетіспейтін нәрсе еді. Таудың ауасымен тыныстап, ағын судың жанында ойнау бала денсаулығына, иммунитетіне, шымыр болуына көп көмектеседі.

 Бірақ бұл жағдайлардың барлығы кейбір балалар үшін қолайсыз болуы мүмкін. Мектепте күні бойы өтетін сабақтардан шаршаған кейбір оқушылар демалысты өз үйлерінде ешқандай режимсіз өткізгілері келеді. Лагерьдегі нақты жоспар бойынша өтетін күндер мұндай балаларға ұнамасы анық.
Тағы айта кететін дүние лагерьде баланың өз үйіндегідей жеке бөлмесі болмайды. Жалпы бөлмеден бөлек лагерьдегі барлық орындар топқа, көпшілікке арналған. Бір бөлмеде ұйықтау, бірге тамақтану, ортақ душ – кейбір балаларға ыңғайсыздық тудыруы мүмкін. Алайда лагерьдің бар қызығы сол ортақ болуында емес пе?
Ата-аналар назарына:

 Балаңызды жазғы лагерьге жаздырмас бұрын алдымен балаңызбен ақылдасыңыз. Оның қандай демалыс орнына барғысы келетінін сұрауыңыз балаңыздың отбасындағы өз орнын сезінуіне себеп болады.
Лагерьді таңдамас бұрын өзге ата-аналардың пікіріне құлақ түріңіз. Өзіңізге ұнаған лагерь туралы интернетте жазылған комментарийлерді оқуды ұмытпаңыз.

 Алдын-ала балаңыздың лагерьге баратын уақытын айқындап алыңыз. Мектептегі сабақтардың, қосымша шаралардың бітуін күтіңіз.
Балаңызбен лагерь туралы сөйлесіп, ішкі ережелерін түсіндіріңіз. Лагерьдегі әр күн таңғы жаттығудан, түскі демалу уақытынан, кешкі би кешінен тұратынын айтыңыз.
Балаңызды жазғы сауықтыру лагеріне жіберуге қорықпаңыз. Қайта балаңыздың лагерьден кейінгі демалып, жақсы жағынан өзгеріп келген сәтін елестетіңіз.
Үздiксiз бiлiм беру жүйесiнде демалыс толыққанды, ал жазғы демалыс әсiресе балалар мен жасөспiрiмдердi дамыту, тәрбиелеу және сауықтыру үшiн өте маңызды рөл атқарады. Жаз — бұл оқу жылы мен алдағы уақытта өтетiн көпiр. Жыл сайын аудан мектептерiнiң әкiмшiлiктерi мектеп оқушыларының жазғы демалыс лагерiн және сауықтырылуын ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргiзедi, жазғы кезеңде каникулдық демалысты ұйымдастыруда белгiлi бiр дәстүрлi жүйе қалыптасты. Шындығында, бiлiм беру жүйесi әлi де балалардың демалысы мен сауығуының басты ұйымдастырушысы болып қала бередi. Жазғы демалыс- бұл тек әлеуметтiк қорғау ғана емес, ол балалардың шығармашылық дамуына, баланың рухани әлемi мен интеллектiн байытуға мүмкiндiк. Жазғы мектеп лагерi жұмысының барлық бағыттары — дене шынықтыру-сауықтыру, туристiк — өлкетану және еңбек-танымдық сипатқа ие.

ПІКІР ЖАЗУ