Түркістан облысының сыртқы сауда айналымының көлемі 120 млн долларға жуықтады
Түркістан облысының 2022 жылдың қаңтар-сәуір айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындысы шықты.
Ол бойынша:
Өнеркәсіп. Облыста 243,5 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді, нақты көлем индексі 2021 жылдың сәйкес кезеңіне 102,0% құрады.
Облыстағы өндірілген өнеркәсіп өнім көлемінің 48,7% үлесін құрайтын тау-кен өндіру саласында өндірілген өнім көлемі 118,5 млрд. теңгені құрады.
Өңдеу өнеркәсібі (үлесі 41,7%) өнімінің нақты көлем индексі – 100,1%, немесе өнім көлемі 101,7 млрд. теңгені құрады.
Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптауда 20,3 млрд. теңгені немесе нақты көлем индексі – 104,9% құрады.
Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауда 3,0 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, 2021 жылдың сәйкес кезеңіне 116,7% құрады.
Аса маңызды өнімдердің ішінде ет – 51,5%-ға (5,0 мың тонна) өзгеде алкогольсіз сусындар – 2,1%-ға (11,6 млн. литр).
Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 157,8 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,4%-ға артты, оның ішінде өсімдік шаруашылығы – 32,5 млрд. теңгені (100,0%), мал шаруашылығы – 123,5 млрд. теңгені құрады (101,6%).
Облыстың барлық шаруашылық санаттарында 74,5 мың тонна – ет (тірідей салмақта), 230,4 мың тонна – сүт, 83,1 млн. дана – жұмыртқа өндірілді.
2022 жылдың 1 мамырда облыстағы шаруашылықтардың барлық санаттарындағы қой саны – 5 648,1 мың басты, немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне – 101,9%, жылқы – 421,2 мың басты, немесе 102,8%, түйе – 39,5 мың басты, немесе 101,7% құрады.
Көлік және байланыс. 2022 жылғы қаңтар-сәуірде тасымалданған жолаушылар саны 67,5 млн. құрап, 2021 жылдың сәйкес кезеңіне 116,3% көрсетті. Жолаушы айналымы 484,9 млн. жкм және 2021 жылғы қаңтар-сәуір деңгейіне 148,6% құрады.
2022 жылғы қаңтар-сәуірде байланыс қызметтерінің көлемі 2,4 млрд. теңгені және 2021 жылғы қаңтар-сәуір деңгейіне 108,1%, одан халыққа көрсетілгені, тиісінше 1,2 млрд. теңгені құрады. Байланыс қызметінің жалпы көлемінде едәуір үлесі – 49,1% Интернет желісінің қызметіне тиесілі.
Шағын кәсіпкерлік. Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2022 жылғы 1 мамырға 149,8 мың бірлікті немесе 2021 жылдың тиісті кезеңіне 106,4% құрады.
ШОК жұмыспен қамтылғандар саны 2022 жылғы 1 қаңтарға 220,3 мың адамды, немесе 2020 жылдың тиісті кезеңіне 101,6% құрады.
ШОК субъектілерінің 2021 жылдың қаңтар-желтоқсанда өнім (тауарлар мен қызмет көрсетулер) шығарылымы 1 209,1 млрд. теңгені құрап, 25,2%-ға артты.
Сыртқы сауда. 2022 жылдың қаңтар-наурыз айында Түркістан облысының сыртқы сауда айналымының көлемі 119,8 млн. АҚШ долларын немесе 2021 жылдың сәйкес кезеңіне 126,0%-ды құрады.
Салықтық-бюджеттік сала. 2022 жылдың 1 мамырына мемлекеттік бюджетке түскен салықтар мен басқа түсімдердің көлемі 120,2 млрд. теңгені, немесе жоспарға – 102,5% құрады.
Республикалық бюджет 76,2 млрд. теңгені (бұл түсімдердің жалпы көлемінің – 63,4%) немесе жоспарға – 103,3% құрады.
Жергілікті бюджетке 43,9 млрд. теңге түсіп, жоспарға – 101,2 % құрады.
Демография. 2022 жылғы 1 сәуірге облыс халқының саны 2 082,5 мың адамды құрап, өткен жылдың тиісті кезеңіне 1,6%-ға артты.
Халықтың табысы. 2021 жылғы ІV тоқсанда облыс халқының бір айда орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы 74 015 теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,4%-ға, нақты ақшалай табыс 100,4%-ды құрады.
Денсаулық сақтау. 2022 жылы бюджет есебінен 21,2 млрд. теңге қарастырылған. 1.05.2022 жылға оның 4 336,2 млн. теңгесі игерілді.
Денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жақсарту мақсатына 4,7 млрд. теңге, қарастырылды.
Сала желісі 746 денсаулық сақтау мекемелерінен құралады, оның ішінде: 1 – облыстық медициналық жабдықтау базасы, 33 – аурухана, 712 – амбулаторлы-емханалық мекеме, медициналық пункт, фельдшерлік-амбулаториялық пункт және басқалары.
Білім беру. Балалардың мектепке дейінгі біліммен қамту деңгейі 1 жастан 6 жасқа дейін – 97,7%, 3 жастан 6 жасқа дейін – 99,1% құрады.
Жалпы орта білім беру мектептерінің саны – 951 бірлікті, ондағы оқушылар саны – 508,6 мың адамды құрады. Оның ішінде, 951 мектеп – байланыс және интернет жүйелеріне қосылған, 951 мектепте 2 984 интерактивті тақталар орнатылған.
Мектептер 85,3 мың бірлік компьютерлік техникамен жабдықталған, немесе 1 компьютерге – 5,9 оқушыдан келеді.