Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Түркістанда екі қабатты дәмхана отқа оранды

  Түркістан қаласында «Жеті Таңдыр» дәмханасының екінші қабатынан өрт шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
  Облыстық төтенше жағдайлар департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, бүгін сағат 11:48-де Түркістан қаласындағы «Әзірет-Сұлтан» қорық-музейінің қорғау аймағының сыртындағы екіқабатты «Жеті Таңдыр» дәмханасының 2-қабатында өрт шықты.
«Өрт басталғаннан кейін алты минуттың ішінде ТЖД-ның алғашқы көмегі келді. Өрт сөндірілді, зардап шеккендер жоқ. Айта кетейік, дәмхананың «Керуен сарай» ойын-сауық кешеніне еш қатысы жоқ»,- дейді департамент мамандары.
Құтқарушылар келгенше дәмханада отырған барлық адам сыртқа шығып үлгерген.

Сәйкес жаңалықтар

ШАЛҒАЙДАҒЫ ШАҒЫНАУДАНДАРДЫ САПАЛЫ ЭЛЕКТР ҚУАТЫМЕН ҚАМТУ ҮШІН 8 СТАНЦИЯ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

admin

Бәйдібек: аудан әкімінің жеке қабылдауы өтті

admin

Түлкібас: Жаскешу ауылының 4 көшесі жарықтандырылады

admin