Сауран қалашығы
Сауран қалашығы Түркістан қаласынан солтүстік-батысқа қарай 50 шақырым жерде орналасқан.. Ескерткіш Түркістан қаласындағы “Әзірет Сұлтан” мемлекеттік мұражай-қорығының құрамына кіреді. Теңіз деңгейінен биіктігі 207 м, Сауранның алғашқы жазбалары X ғасырда пайда болды. XIII ғасырдың соңынан бастап қала жаңа орынға көшеді. 1465-1718 жылдар аралығында – Қазақ хандығының қалаларының бірі. Сауран, көлемі солтүстіктен оңтүстікке 850 м, шығыстан батысқа 660 М., қақпаға арналған екі ойық болатын бекініс қабырғасымен қоршалған. Бекіністің жалпы ұзындығы 2360 м, сақталған биіктігі 3-тен 6 м-ге дейін. Ең биік мұнара бекіністің солтүстік бұрышында орналасқан және 6 м биіктікке жетеді. Қорғау аумағының жалпы көлемі 50 га. Сауран қаласы жайлы алғашқы деректер 10 ғ араб саяхатшыларының жазбаларында кездеседі. 18 ғасырда Сауран қаласы жоңғар шапқыншылығына ұшырап құлдырау дәуірі басталады. Қазіргі таңда қалашықты дамыту мақсатында, мұнараны қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сауран қалашығына күннің батуына тұспа тұс барған туристтер таңғажайып күннің батуын тамашалап өз әсерлдерімен бөлісіп жатады. 2022 жылдың маусым айына дейін Сауран қалашығына 4 мыңға жуық туристтер келеген.