Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарТарих

Келіншектау- ерекше табиғат тылсымы

 Созақ ауданы, Балты су өзенінің жоғарғы ағынында, Қаратау төңірегінде Келіншектау деген ерекше табиғат құбылысын табуға болады. Келіншектаудың жотасында Арпаөзен таңбалы тастары немесе Арпаөзен петроглифтері – қола дәуірінен сақталған құнды ескерткіштер, жартасқа таңбаланған суреттер табылған. Қола дәуірінен бері сақталған құнды ескерткіш – «Арпаөзен таңбалы тастары» Созақ ауданы, Абай қыстағының оңтүстік-батысынан бастау алатын кішірек Арпаөзен бойында орналасқан. Оны Қазақстан ғылым академиясының археологогия экспедициясы зерттеген. Суреттердің жалпы саны – 3,5 мың. Негізгі сюжеттері аңшылыққа, жаугершілік тақырыпқа және жан-жануарлар тіршілігіне арналған. Қос аяқты ат, өгіз және түйе жеккен соғыс және шаруашылық арбалары кездеседі. Ескерткіш біздің заманымыздан бұрынғы 1 және 2-мыңжылдыққа жатады. Созақ ауданына Экспедиция жүргізіліп тарихи нысандарды туристерге насихаттау мақсатында Арпаөзен петроглифтерінен ашық аспан астындағы музей жасау арқылы құнды жәдігерлерді қорғауға алу жұмыстары ұсынылып жатыр.

 

 

Сәйкес жаңалықтар

Мұғалімдердің кәсібилігін арттыруға бағытталған қалалық семинар

admin

​Аппарат мәжілісі өтті

admin

ШЫМКЕНТ: Қаратау ауданында санитарлық тазалық шаралары өткізілуде

admin