Шардара ауданы
Шардара ауданында Түркістан облысындағы ең үлкен шардара су қоймасы орналысқан. 1968 жылы бөген шарасы суға толтырылды. Бөгетінің биіктігі 24 м. Ауданы 900 км2, ұзындығы 80 – 100 км, ені 20 – 25 км, ең терең жері 25 – 26 м, орташа тереңдегі 6,3 м. Суының мөлшелері 5200 млн. м3, су жиналатын алабы 174 мың км2. Бөген Сырдария өзеннің ағынымен және қар, жауын-шашын суымен толығады. Бөген арқылы жалпы 394,0 мың га жер суарылады.
Шардара су қоймасынан басқа Ұзын ата ауылдық округінде орналасқан. Әмір Темірдің бұйрығымен XIV ғасырдың соңында тұрғызылған Ұзын ата кесенесі орналасқан. Кесене толықтай күйдірілген кірпіштен тұрғызылған. Ұзын ата Ақсақ Темірдің бас кеңесшілерінін бірі болған. Ұлы қолбасшы қарияның сөзін аса бағалайтын. Сыр бойы халықтарының ықыласына бөленіп, ел абызы, әлеумет қамқоршысы, әулие кісі атанған. Ұзын ата күмбезінің маңдайшасындағы керамикалык тақтайшада араб әрпімен Шер Мұхаммед Хәлім Дүрманұлы деген кісінің біздің жыл санауымызбен 1377 жылы қайтыс болып, осында жерленгендігі айтылған. Бұл тақтайшадағы дерек Ұзын атаның азан шақырып қойылған шын есімі немесе әулеті болуы да мүмкін.