Хантағы жартасы жайлы мәлімет
Хантағы жартасы Түркістан облысы Хантағы ауылында орналасқан. Аңыздарда сонау көшпенділер заманында бір хан өмір сүріпті. Бір күндері хан ұйықтап жатып түс көреді. Түсінде бір кішкентай қара өрмекші сұқ саусағына жабысып, шағып алады. Келесі күні хан барлық уәзірлерін жинап түсін жорып беруін сұрайды. Бірақ ешкім жауап бере алмады. Бір күндері ханның ордасына жақын жерге бір керуен келіп тоқтайды. Керуенде бір шаман бар екен. Оны естіген хан одан түсін жорып беруін сұрайды. Бақсы: «Хан ием, түсіңізде көргеніңіз «қарақұрт» деген жәндік, уының зәрі сондай, ол шаққан адам заматта өліп кетеді. Ажалыңыз осы қарақұрттан болады» – дейді. Хан сол жерден Қаратауға қарай көшіп, ордасын жартастың үстіне тігіп, көңілі орнына түседі. Бір күні сол жартастың маңайынан саудагерлер жеміс-жидек артып шыққан еді. Нөкерлері олардан өрік, алма, жүзім сатып алып ханға әкеліп береді. Хан сол жемістеді жеп отырған кезде жүзіммен бірге ілесіп келген қарақұрт сұқ саусағынан шағып алады, хан сол жерде көз жұмады. Қазір Қаратау мемлекеттік табиғи паркіне демалуға барған туристтердің көпшілігі осы хан тағына келіп отырады. Хан тағына отырып лауазымын жоғарлуын немесе басқада қалауларын айтып сол армандары орындалып жатқандарды естуге болады.2022 жылдың 5 ай қортындысы бойынша 25 мыңнан астам демалушы келеген.