Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарТарих

Үкәш ата кесенесінің тарихы мен бүгіні

 Үкәш ата кесенесі Түркістан қаласынан солтүстік –шығысқа қарай 55 км қашықтықта Қаратау бөктерінде орналасқан. Кесене биіктігі – 4 м, ені – 4,6 м. Үкәш ата осы өлкеге ислам дінін алып келген Мұхаммед пайғамбарымыздың шәкірті болған деседі. Ол ешқашан шайқаста жеңілуді білмеген, өте батыл жауынгер болған. Оның көптеген қас – жаулары Үкаш атаның қай уақытта әлсіз болатынын әйелінен арбап, сұрап алады. Көп ұзамай батыл жауынгер кезекті таңертеңгі намаз оқып жатқан кезінде артынан тыныш келген жауларының қолынан өз семсерімен өлтірілді, шабылған батырдың басы жақын арадағы төбешіктен домалап, құдық ішіне құлаған екен. Құдық арқылы Меккеге, Мұхаммед пайғамбарға дейін жетіп, өзінің үздік шәкіртінің қаза тапқанын осылай білген екен. Кесененің ішінде, ұзындығы 21 метр саз саркофаг орналастырылған. Үкәш – ата кесенесінің аумағында Ғайып – Берген құдығы орналасқан. Аңыз бойынша, құдықтағы су Үкәш атаның қаза тапқанжерінде пайда болды. Сол себепті, мұнда келушілердің саны азайған емес. 2022 жылдың 5 айда Үкаша ата кесенесіне зияратетушілер саны 29 205 асты.

Сәйкес жаңалықтар

Есірткі жасырып жүрген «курьерді» ұстап алды

admin

240 мың тонна өнім сақтайтын кешен құрылысы жүргізілуде

admin

Төлеби: ана мен балаға құрмет көрсетті

admin