Арыстан- Баб кесенесі жайлы ақпараттар

 Арыстан баб кесенесі Отырар жұқанасы жанында орналасқан. XII-ХІV ғғ ескерткіші. XII ғ өмір сүрген әулие Арыстан баб жерленген жерде салынған. Кесененің өзі қабыр, мешіт және қажылық орны болып табылады. Ғимарат көлемі 35×12 м. Қасбетінде екі мұнара бар, әшекейлі кірпішпен безендірілген. Ғимарат ХХ ғ бірінші онжылдығында салынған, екі бөліктен тұрады – үлкен дәлізбен біріктелген екі бөлмелі қабыр және бата оқыр мешіті. Қабырда екі бірдей биік күмбез орнатылған. Бірінші бөлмеде Арыстан бабтын үлкен құлпытасы, екінші бөлмеде сахабалары мен шәкірттері Хермет-Азыра, Карга-Баба, Лашын-Баба құлпытастары. 1982 ж бастап Арыстан баб кесенесі мемлекеттің қорғауында. Облысымызга келетін қонақтар бірінші шәкртінен бұрын ұстазын ұлықтау мақсатында Арыстан бабты зиярат етуге тырасыады, Арыстан баб кесенесі соғылған қорамда әйгілі қазақтан шыққан мысыр елінің патшасы болған Сұлтан Бейбарыс пен әлемге әйгілі ғалым Әбу Насыр ӘльФарабидің топырақтары жерлерген. 2022 жылдың 5 ай қортындысы бойынша Арыстан баб кесенесіне келушілердің саны 120 мыңнан асты.

 

ТегтерТарих

ПІКІР ЖАЗУ