“Көшпенділер ойыны” атты облыстық сайыс өтті.

 Төлеби ауданының ішкі саясат бөлімінің Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен Төлеби ауданының 90 жылдығы және Мемлекеттік рәміздеріміздің 30 жылдығына орай, қазақ халқының ұлттық ойындарына жастардың қызығушылығын арттыру мақсатында Түркістан облысының аудан, қала жастары арасында “Көшпенділер ойыны” атты облыстық сайыс өтті.

📌Төлеби ауданы, Киелітас ауылдық округі, Жыланбұзған мектебінің маңында өткен сайысқа 14 және 29 жас аралығындағы жастар қатысып, жарыс ережесіне сәйкес, ұлтық ойынның 7 түрінен (жамбы ату, теңге ілу, өгіз көтеру, қазақша күрес, аудараспақ, арқан тартыс, тоғызқұмалақ) спортшылар сайысқа түсті.

📌Дүбірлі додада командалық есеп бойынша озып шығып, 300 мың теңге қаржылай сыйлыққа ие болған Төлеби ауданының ойыншыларына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сакен Қалқаманов медаль тағып, кубок ұсынды.

📌Спорттың жекелеген түрлері бойынша жеңімпаз атанғандарды Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараев құттықтап, марапаттарын табыстады. Алдағы уақытта «Көшпенділер ойыны» Төлеби ауданында жыл сайын тұрақты түрде ұйымдастырылмақ.

Тартысты сайыстың нәтижелері төмендегідей болды ⤵️
🔴 Жалпы командалық есеп бойынша:
І орын Төлеби ауданының жастары;
ІІ орын Сарыағаш ауданының жастары;
ІІІ орын Жетісай ауданының жастары;

ТегтерОйынспорт

ПІКІР ЖАЗУ