Түркістан облысының аудан, қалаларында кәсіпкерлікті үйрету бойынша семинарлар өтіп жатыр
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен аудан, қалаларда тұрғындарға кәсіпкерлікеке көрсетілетін мемлекеттік қолдаулар мен жеңілдіктерді түсіндіру, таныстыру жұмысы жүріп жатыр. Түркістан облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Н.Иманқұлов бастаған топ Отырар ауданына арнайы барып, кәсіпкерлік саласын дамыту бойынша семинар-кеңес өткізілді. Мақсат – кәсіпкерлердің түйткілді де, келелі мәселелерін талқылау және мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге ұсынылатын қаржылай қолдауларды кеңінен насихаттау.
Басқосуға Отырар ауданы әкімінің орынбасары Е.Оралбай, «TURKISTAN» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы КММ-нің басшысы С.Курбанов, осы орталықтың Отырар аудандық бөлімнің басшысы А.Тулимбетов, «Атамекен» ҰК палатасының аудандық филиал директоры Ұ.Абдрахимов қатысты. Кездесулер барысында 100-ге жуық жергілікті шағын және орта бизнеспен айналысатын жергілікті кәсіпкер мен тұрғын қамтылды.
Өткізілген басқосуда тұрғындар мен кәсіпкерлер кәсіп ашу үшін жеңілдетілген несиелер беру мәселесіне ерекше тоқталды. Отырар ауданы ауыл шаруашылығына қолайлы аграрлы аймақ екені, сол мүмкіндік пен артықшылықты толық пайдалану қажеттілігіне баса назар аударылды. Осы кәсіптері арқылы кәсіп иелерінің отбасына табыс көзі кіретіні және бірнеше азамматтың жұмыспен қамтуға қол жеткізетіні айтылып өтті. Сонымен қатар кәсіпкерлер мен тұрғындарға тек қана кәсіп ашып оны дамыту емес, тұрғындардың қажеттіліктеріне байланысты «TURKISTAN» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы КММ-нің Отырар аудандық бөлімі арқылы көмек алуға болатыны айтылды. Аталған орталық құжаттарды әзірлеуге көмектеседі.
В ГОРОДАХ И РАЙОНАХ ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ПРОХОДЯТ СЕМИНАРЫ ПО ОБУЧЕНИЮ ПРЕДПРИНИМАТЕЛЬСТВУ
По поручению акима Туркестанской области Умирзака Шукеева в городах и районах проводится разъяснительная работа с населением о государственной поддержке предпринимательства и льготах. Группа во главе с руководителем управления предпринимательства и торговли Туркестанской области Н. Иманкуловым специально посетила Отырарский район и провела семинар-совещание по развитию сферы предпринимательства. Целью стало обсуждение проблемных вопросов предпринимателей и популяризация государственной финансовой поддержки.
В совещании приняли участие заместитель акима Отырарского района Е. Оралбай, руководитель КГУ «Центр обслуживания предпринимателей Turkistan» С. Курбанов, руководитель Отырарского районного отдела этого же центра А. Тулимбетов, директор районного филиала НПП «Атамекен» У. Абдрахимов. В ходе встреч было охвачено около 100 местных предпринимателей и жителей, занимающихся малым и средним бизнесом.
На совещании жители и предприниматели особо остановились на вопросе предоставления льготных кредитов для открытия бизнеса. Акцентировано внимание на том, что Отрарский район является аграрным районом, благоприятным для сельского хозяйства, поэтому необходимо в полной мере использовать эти возможности. К примеру, семейное дело, когда семья не только заработывает, но и создает рабочие места.
Также было отмечено, что предприниматели и жители могут получить помощь не только в открытии бизнеса, но и поддержку в оформлении документов. Такие услуги предоставляет районный отдел Центра обслуживания предпринимателей Turkistan.
Отметим, в Туркестанской области сложился благоприятный бизнес-климат для развития предпринимательства. Область второй год подряд занимает первое место в рейтинге легкости ведения бизнеса и по исполнению государственной программы «Экономика простых вещей» по республике.
Управление предпринимательства и торговли Туркестанской области продолжает подобные семинары в Толебийском и Ордабасинском районах. В ближайшее время будут охвачены все районы и города региона.
Пресс-служба акима Туркестанской области