Түркістан қаласында теннис орталығы ашылды

 Түркістан қаласының өз теннис орталығы бар. Орталықтың техникалық ашылуына Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев қатысып, спортшылар мен жаттықтырушыларды құттықтады. Еліміздің жасөспірімдер арасындағы бірінші ракеткасы, Еуропа рейтингісінің чемпиондық кестесінде көш бастап келе жатқан Заңғар Нұрланұлы жерлестеріне өз өнерін көрсетті.

📌Жаттықтырушыларға өңір жастарын баптап, таланттарды табу керектігін айтты. 14 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Словакияда өткен Tennis Europe сериясының Baseline Open U14 екінші санатты турнирінің чемпионы және өзге де додалардың жеңімпазы атанып жүрген жас теннисші Заңғар Нұрланұлы түркістандықтарға жылы лебізін білдірді.

📌Орталықта 11 теннис корты, көрермендерге арналған жиналмалы мінбелер, әмбебап ойын алаңы, балалар ойын алаңы және автотұрағы бар. Республикамыздағы таңдаулы спорт нысандарының біріне айналған теннис орталығының ашылу Түркістанда үлкен теннисті дамытуға оң серпін береді деп күтіліп отыр.

ПІКІР ЖАЗУ