Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
БизнесЖаңалықтар

Түркістандық кәсіпкерлерге хабарландыру

Сіздерді кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселесі бойынша Түркістан қаласының прокуратурасы мен Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасы бірлескен кездесуіне шақырамыз!

Кездесуге қала және облыс деңгейіндегі
— жергілікті атқарушы (жер қатынастары, бизнесті қолдау, сәулет және қала құрылысы, инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімдері және т.б.);
— құқық қорғау (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, экономикалық тергеу департаменті, полиция басқармасы);
— мемлекеттік кірістер басқармасы, Монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті мен Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменттерінің өкілдері қатысады.

Сондай-ақ, қала прокуроры Ж.Ахметбек кәсіпкерлерді жеке қабылдау жүргізеді.

Өтетін уақыты мен орны: 10.06.2022ж. сағат 11:00, Түркістан қаласы, С.Қожанов көшесі №42, Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының мәжіліс залы.

Сәйкес жаңалықтар

Облыс әкімі инвесторлар үшін барлық жағдай жасалған Түркістан облысының инвестициялық әлеуетімен таныстырды

admin

Жас полицейлерді патриотизм мен адалдыққа тәрбиелеу мақсатында ардагерлермен ауқымды кездесу өтті

admin

На стабилизацию продовольственного рынка в Алматы направили 12 млрд тенге

admin