8 перзент тәрбиелеп отырған тәртіп сақшысы

Қанат Бектұрсынов – Жетісай аудандық полиция бөлімі кезекші бөлімшесінің полицейі.

Ол өз сұқбатында: «Менің күнделікті қызметіме күні-түні 102-ге хабарласқан тұрғындардың арыз-шағымдарын тіркеу, оқиға орнына жедел-тергеу тобын жіберу кіреді. Сондай-ақ кез келген жағдайға дайын болу, құқық бұзушылықтың алдын алып, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, бұл- полицейлердің барлығына қойылатын басты талап! Ал отбасым, жанұядағы жақындарым мен үшін ең ізгі жандар. Бүгінде жұбайым екеуміз 8 ұл-қыздың ата-анасымыз. Өсіріп отырған перзенттеріміз елдің азаматтары болуы үшін тәртіп пен тәрбиеге баса назар аударамыз. Ең бастысы балапандарымыз аман болсын!», -деп атап өтті.

Полицей Қанаттың ішкі істер органдарында қызмет еткеніне биыл 16 жыл. Ол 2006 жылы Гулбану есімді арумен шаңырақ көтеріп, қазіргі таңда 8 перзент (1 ұл мен 7 қыз) өсіріп отырған үлгілі әке. Отбасында кішіпейіл, достары арасында абыройлы азамат.

Біз де мереке қарсаңында көпбалалы полицейдің жанұясына тек жақсылық тілейміз!

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ