7 жасар қыздың өлімі: Денсаулық сақтау басқармасы пікір білдірді

 Қостанайлық ата-ана 7 жасар қызының өліміне дәрігерлерді кінәлап отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Менің қызым дәрігерлердің салғырттығынан қайтыс болды, себебі олар баланы мұқият тексермеді. Біз 20 күн бойы №3 емханаға барып, бірнеше рет жедел жәрдем шақырдық, бірақ ешкім біздің көмек сұрағанымызды елемеді. Тіпті ауруханаға да мен өзім қызымды апарып, жатқызуды талап еттім, – дейді марқұмны анасы Динара Қабжанова.

28 ақпанда Раянада жөтел пайда болғаннан басталған. Сол күні анасы мен қызы өздерінің тұрғылықты жеріндегі №3 емханаға жүгінген. Мұнда учаскелік дәрігер Ольга Алексеевна Ткачук қызға антибиотиктер мен сироптар тағайындаған. 7 наурызда ол Раянаға мектепке баруға рұқсат беріп, аурухана парағын жапқан.

11 наурызда қыздың температурасы қайтадан көтеріліп, ата-анасы қайтадан поликлиникаға жүгінген. Сол жерде қайтадан сироптар мен жөтелге қарсы дәрілер тағайындалған.

Бізді қызымызда ангина бар деп сендірді, тамағын шаю керек деді. 14 наурызда Ткачукке барып, антибиотиктерді ауыстыруды сұрадық. Ол айтқанымызды істеді, бірақ температура түспеді, – дейді анасы.

Дәрігерге қайта жүгінгенде баланы емханаға жатқызған. “Цефазолин” салынғанымен қыздың қызуы түспеген. Ата-ананың айтуынша, ауруханада уақытында көмек көрсетілмеген.

Ақылы палатаға ауыстырғаннан кейін қызға пневмония диагнозы қойылып, 18 наурызда жансақтау бөліміне жатқызылады.

18 наурызда 16:00-де жұбайым ауруханаға барып, қыздың жағдайын сұраған. Бәрі жақсы деп жауап берген. Ал 18-нен 19 наурызға қараған түні Раяна қайтыс болды, – деді марқұмның әкесі Рүстем.

Осы жағдайға байланысты Қостанай облысы Денсаулық сақтау басқармасына хабарластық.

Басқармада баланың өліміне байланысты тергеу жүргізу үшін жұмыс тобы құрылды. Тергеу аясында жағдайды жан-жақты талдау жүргізілетін болады. Сонымен қатар, баланың туыстары емдеу мәселелері бойынша Денсаулық сақтау басқармасына жүгінбеген,-деді Областық денсаулық сақтау басқармасы.

ПІКІР ЖАЗУ