7 жасар қазақ баласы шахматтан әлем чемпионы атанды

 Астаналық жас шахматшы Абдул-Мәлік Қайрат Сербияның Врнячка-Баня қаласында өткен мектеп оқушылары арасындағы әлем чемпионатында 7 жасқа дейінгі санатта мерзімінен бұрын жеңіске жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Абдул-Мәлік Қайрат 7 жасқа дейінгі санатта әлем чемпионы атанды! Турнир бүгін аяқталады, бірақ жас шахматшы өз жеңісін мерзімінен бұрын қамтамасыз етті, – делінген хабарламада.

Оның басты қарсыласы – үндістандық Ом Еш Готтумукалуды бесінші турда жеңуі шешуші рөл атқарды. Сегіз турдан кейін Абдул-Мәлік 8 ұпай жинап, чемпиондық атақты алдын ала иеленді.

Бүгінгі күнгі жарыстың басқа 10 жас санатында да шешуші ойындар өтуде. Жеті санатта қазақстандық шахматшылар алтын медальға үміткер.

ПІКІР ЖАЗУ