Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

7 жасар бала су толтыратын ыдысқа кіріп, шыға алмай қалған

 ҚазАқпарат — Түркістан облысында 7 жастағы қыз бала су толтыратын ыдысқа кіріп, шыға алмай қалған. Оны туыстары шығара салмаған соң, құтқарушыларды шақырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқыс оқиға Жетісай ауданының Атакент елді мекеніндегі үйлердің бірінде болған. Ата-ана қарауынсыз қалған жеткіншек су толтыруға арналған алюминий құтыға денесімен кіріп, қыстырылып қалған. «Авариялық-құтқару жұмыстарына Түркістан облыстық ТЖД-ның 4 құтқарушысы жұмылдырылды. Құтқарушылар сағат 12:30-да арнайы құрылғы арқылы контейнерді кесті, баланы жарақатсыз алып шығып, ата-анасына тапсырды. Қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақты», — делінген хабарламада.

 

Сәйкес жаңалықтар

Украина билігі Донбасс тұрғындарын эвакуациялайды

admin

Түркістан: монументтік өнер құрылыстары енді ономастика саласындағы «Тарихи тұлғалар» тізімі бойынша беріледі

admin

КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫН ҚАТАҢ САҚТАЙЫҚ!

admin