6912 тұрғын мемлекеттік жұмыспен қамту бағдарламаларына қатысты

Қала басшысы Нұрбол Тұрашбеков “Халықты жұмыспен қамту орталығының” тоғыз айда атқарылған жұмыстары бойынша есебін тыңдады.
Орталық директоры Ақмарал Пернебекқызының мәлімдеуінше, жыл басынан бері жұмыспен қамту шараларымен 6912 тұрғын қамтылған.
Қоғамдық жұмыс орындарына – 843 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына – 125 азамат , жастар практикасы бойынша – 501 тұрғын жұмысқа жолданды. Тұрақты жұмыс орындарына – 3271 азамат, алғашқы жұмыс орнына – 35 тұрғын орналасты.
Кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік қайтарымсыз грант – 190 тұрғынға тағайындалды..
Қазіргі таңда жұмыспен қамтудың шаралары бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

ПІКІР ЖАЗУ