500-ден аса отандық кәсіпорын 410 колледжге қолдау көрсетеді

 Кәсіпорындардың колледждерге қамқорлығын жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазір 518 кәсіпорын 410 колледжге қамқорлық жасап, қамқоршылық кеңестер мен салалық кеңестер арқылы колледждерді басқаруға қатысып келеді.

104 мыңнан астам студент кәсіби практикадан, 4 мыңнан астам педагог кәсіпорындар базасында тағылымдамадан өтті. Колледждер қамқорлық көрсететін кәсіпорындардың қатысуымен 4 мыңнан астам білім беру бағдарламасын жаңартты. Биыл мақсатты тапсырыс бойынша жұмысқа орналастыру міндеттемесімен тағы 10 мың студент қабылданады, – дейді Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Әсет Мұханбетов.

Сонымен қатар, дуальды оқытуды өңірлерде тарату жалғасуда. Биыл еліміздегі 9 мың кәсіпорында дуальды оқыту аясында 91 мыңнан астам колледж студенті өндірістік тәжірибеден өтуде.

ПІКІР ЖАЗУ