“5 баланың өлімі”. Жітіқарадағы қайғылы жайттың себебі айтылды
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Жітіқарадағы 5 баланың неден қаза болғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. Қазан айында өте қайғылы жағдай болды. Өрт болып, салдарынан 5 бала қаза тапты. Бұл оқиға БАҚ беттерінде бірнеше рет жарияланды. Балалар түнде қараусыз қалған. Үйдің үлкені таңғы 4-те оянып, пеш жақпақ болған. Ол пешке ағашпен тағы бірдеңе салған. Кейін пеш жарылып, бала далаға қашып шыққан, – деді Құмар Іргебайұлы.
Өңір әкімі оқиға болған күні Жітіқараға барып, көз жұмған балалардың жақындарымен кездескен. Кейін қайғы жұтқан отбасыға екі бөлмелі пәтер берілген. Ақсақаловтың сөзінше, үйдегі дабыл құрылғысы өшіп тұрған. Тұрғындарға айтарым, пештің жағдайын тексеріп отыру керек. Мұржаны тазалап, дабыл құрылғысының жұмыс істеп тұрғанын тексеріңіз, – дейді әкім.