43 жыл ішінде 14 рет үйленген ер адам ұсталды

Үндістанның Одиша штатында 43 жыл ішінде 14 рет үйленген ер адам ұсталды. Ол некелескен әйелдерін алдап, солардың есебінен өмір сүрген, деп жазады mir24.tv. 

65 жастағы Рамеш Чандра Свейн алғаш рет 1979 жылы үйленген. 2010 жылдан бастап ол ажырасқан немесе басы бос ауқатты әйелдерді іздей бастаған. Әрқайсысымен танысу үшін ол аты мен тегін өзгертіп отырған. Ал некелескеннен кейін жарынан ақша талап ете бастап, тіпті мүлікті өзінің атына аударуға көндірген. Осы уақыт аралығында Рамештің бірнеше әйелінен бес баласы өмірге келген. Оның барлық әйелі әртүрлі штатта тұран, тіпті бір-бірінің бар екендігі туралы бейхабар болған. Ер адамның өтірігін әйелдерінің бірі әшкере еткен. Жары Рамештің телефонынан басқа әйелдермен сөйлескен хабарламаларын байқап қалған. Оларға хабарласқан кезде, шындықтың беті ашылған. Бұл жайттан кейін Рамештің әйелдері бірігіп, полицияға шағымданған. Жергілікті заңдарға сәйкес, неке адалдығын бұзушы жеті жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

ТегтерАлаяқтық

ПІКІР ЖАЗУ