2024 жылы елордада кезекте тұрғандарға 3,3 мыңнан астам пәтер беріледі.
Осы жылдың 30 наурызындағы жағдай бойынша елордада әлеуметтік тұрғын үй алуға кезекте 40 878 азамат тұр.
Олар мына санаттағы азаматтар:
— Жетім балалар, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар санаттары бойынша кезекте тұр.
— «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;
— халықтың әлеуметтік осал топтары;
— мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйым қызметкерлері, әскери қызметшілер;
— Қазақстан заңнамасында белгіленген тәртіппен жалғыз тұрғын үйі апатты деп танылған азаматтар.
2024 жылы елорданың тұрғын үй инспекциясы басқармасы 3 382 пәтер беруді жоспарлап отыр.
Бүгінгі таңда аталған пәтерлердің 1 342-сі бөлінді.
