Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

4 күн бұрын жоғалған ресейлік туристің денесі табылды

Бүгін Алматы тауларында іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде ер адамның денесі табылды.

«Алдын ала дерек бойынша, ол төрт күн бойы іздестіріліп жатқан турист. Ресей Федерациясының 1984 жылы туған азаматы 5 тамызда таңертең тауға кетіп, жоғалып кеткен болатын.Таудағы климаттың күрделілігіне, тау маршрутының ерекшеліктеріне, тастың құлауына және жартасты рельефке қарамастан іздеу-құтқару жұмыстары тәулік бойы жүргізілді. Табылған ер адамның жеке бас деректері анықталуда», — деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

Қазақстандық құтқарушылар жыл сайын тауда 160-қа жуық туристі құтқарады. Биылғы жылдың басынан бері таулы жерлерде 152 адам құтқарылды.

ТЖМ тауға жалғыз шықпауды ұсынады.

Сәйкес жаңалықтар

Түркістандық кәсіпкерлердің саны артуда

admin

Региональный этап WorldSkills Abai-2025 охватывает весь спектр профессий области Абай

admin

«Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Ұлағатты ұстаз Ахметов Батырбек Тыныбекұлын еске алуға арналған турнир бүгінде өз жалғасын тапты

admin