+32 градус ыстық: Сәуірде ауа райы қандай болады?

Алдағы күндері Қазақстанда жылы көктемгі ауа райы сақталады. Дегенмен кейбір өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшеюі мүмкін. Бұл туралы BAQ.KZ тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.
Синоптиктердің мәліметінше, 31 наурыз бен 2 сәуір аралығында елдің басым бөлігінде жауын-шашын күтілмейді. Тек батыс өңірлер мен оңтүстіктің таулы аймақтарында жаңбыр жауып, найзағай болуы мүмкін. Батыста кей жерлерде қатты жауын жауып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Түнгі және таңғы уақыттарда республика бойынша тұман түсуі ықтимал.
Күндізгі ауа температурасы өңірлерге қарай айтарлықтай өзгереді:
- солтүстік-батыста: +17…+26 градус;
- солтүстікте: +13…+20 градус;
- орталықта: +12…+23 градус;
- шығыста: +5…+22 градус;
- оңтүстік және оңтүстік-шығыста: +23…+32 градусқа дейін;
- батыста ауа райы салқындап, +13…+20 градус шамасында болады.




