3 миллиард теңгеге Шыңғыс Мұқанның қатысы бар ма?

Осы фактіге қатысты Президент және Президент әкімшілігіне ҮНДЕУ жолдаған Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты әдістемелік орталықтың IT технологиялар бойынша маманы болған Арман Ержигитов қалың бұқараға үн қатып, шындықтың түбіне жетуге тырысуы тектен тек емес.
” ҮНДЕУ” мәтінен үзінді келтірейік.
Мен, Ержігітов Арман Жақсылықұлы! Жоғарыда аталған лауазымды тұлғалардың атына үндеу жолдауға мәжбүрмін.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Халықтың үнін еститін мемлекет» қағидатын қатаң бақылап отыр деп сенемін. Сондықтан, Сіздер де менің үндеуімді назарға алып, нақты шара қолданасыздар деп үміттенемін!
….Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары ШЫҢҒЫС МҰҚАННЫҢ қызметіне тиянақты тексеріс жүргізу үшін арнайы жұмыс тобын жіберуге тапсырма берулеріңізді сұраймын.
Атап айтқанда, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен ҚР Бас прокуратурасының мамандарынан құралған жұмыс тобын жіберулеріңізді өтініп сұраймын.
Мен өзім IT саласының маманымын. Білім басқармасына қарасты әдістемелік орталықты жұмыс істедім. Бірақ, әділетсіздіктерге қарсы тұрып, талапқа сай келмейтін ноутбуктерді қабылдаудан саналы түрде бас тарттым.
Күні кеше барлық әлеуметтік желіде хабарлағанымдай, 2020-шы жылы Шымкент қаласының Білім басқармасы жалпы құны
3 МИЛЛИАРД теңгеден асатын сомаға ноутбуктер сатып алды. Алайда, онлайн оқуға арналған ноутбуктер Білім және ғылым министрлігі бекіткен ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАПҚА САЙ БОЛМАЙ ШЫҚТЫ. Нақтырақ айтсам, 11 716 ноутбуктің техникалық сипаттамасы дұрыс емес. (Жауапты мекеменің анықтамасын суретте қоса ұсындым)
Мен бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментіне арыз жазған болатынмын. Содан кейін, Ішкі аудит департаменті 11 716 ноутбуктың техникалық сәйкес еместігі туралы шешімін ұсынды.
Мен Шымкент қаласының білім саласында IT маман болып жұмыс істедім. Бірақ, миллиардтаған бюджет қаражатына алынған ноутбуктердің талапқа сәйкес еместігін дәлелдегім келеді. Өкінішке қарай, білім саласына жауапты басшылар бұл олқылықты жауып тастауға тырысуда” – деген өз шағымында.
Біз ойлаймыз, бұл шағымға нақты жауаптар болып, тексерістің нәтижесін міндетті түрде қалың оқырман қауымға , Шымкент тұрғындарына хабардар етеміз деп ойлаймын.
PS. Шыңғыс Мұқан жетекшілік жасайтын сала тағы да былық пен шылыққа батып жатқан көрінеді.
Тағы да бір саласына құзырлы органдар тексеру бастапты.
Қандай нәтиже шығатынына уақыт төреші.
Балтабек Түйетаев.

ПІКІР ЖАЗУ