Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

288 млн теңге тұратын құбыр ұрланған

Жезқазған қаласында орналасқан құбырдың 13 мың метрден астамын ұрлады деген күдікпен соталды тергеу аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, мемлекеттік мекеменің бұрынғы басшысы бір топ адамдармен алдын ала сөз байласып, жалпы сомасы 288 миллион теңгеден аса мемлекет мүлкін ұрлағаны анықталған.

Ұрлық дерегін анықтау кезінде лауазымды тұлға бұл нысанның мемлекеттік органның балансында жоқтығы туралы жалған анықтамалар беріп, тергеуді қасақана жаңылыстырған.

Бұл құбыр Жезқазған қаласының әуежайы маңында орналасқан саяжай учаскелерін сумен қамтамасыз етуге арналған.

Қазір ұсталған басшы коммуналдық кәсіпорынның қызметкері емес.

Сәйкес жаңалықтар

Сайрам: аудан әкімі Құтарыс халқымен кездесті

admin

Мьянмадағы жер сілкінісі: 1000-нан астам адам қаза тапты

admin

Түркістан облысының ескекшілері 34 медаль жеңіп алды

admin