2027 жылдан бастап мектептерге қатысты өзгеріс болады

Қазақстанда ғимараты білім беру мақсаттарына сәйкес келмейтін 163 жекеменшік мектеп анықталды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Оқу-ағарту вице-министрі Жайық Шарабасов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Журналистер мұндай мектептердің мәселесі қалай шешілетінін сұраған. Вице-министрдің айтуынша, аталған нысандарға қатысты кейінге қалдырылған норма енгізілген.

Бүгінде мұндай мектептердің саны – 163. Олардың ғимараттары білім беру қызметіне арналған мақсатқа сәйкес келмейді. Осыған байланысты біз кейінге қалдырылған норма қабылдадық. 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап талапқа сай келмейтін ғимараттарда орналасқан мектептерге жекеменшік білім беру тапсырысы орналастырылмайды, – деді Жайық Шарабасов.

Бұған дейін Қазақстандағы мектептер түбегейлі өзгеретіні белгілі болған.