Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

2025 жылы зейнеткерлерге қанша төленеді?

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылғы зейнетақы төлемдері туралы мәлімет таратты.

2025 жылы 2,5 миллион зейнеткерге зейнетақы төлеу үшін республикалық бюджеттен 4 231,3 миллиард теңге қарастырылған. Оның 2 867,7 миллиард теңгесі ынтымақты зейнетақыға, ал 1 363,6 миллиард теңгесі базалық зейнетақы төлеуге бағытталады.

Халықтың өмір сүру ұзақтығының артуына байланысты зейнеткерлер саны біртіндеп өсіп келеді. Зейнетақы төлемдерінің жеткілікті деңгейде болуын қамтамасыз ету үшін жыл сайын инфляция деңгейінен 2 пайызға жоғары өсім жүзеге асырылады, – деп атап өтті министрлік.

Министрлік 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Мемлекет басшысының Жолдауында берілген тапсырмаға сәйкес, базалық зейнетақының ең төменгі мөлшерін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-дан 70%-ға дейін, ал ең жоғары мөлшерін 100%-дан 120%-ға дейін кезең-кезеңімен арттыру жүргізіліп жатқанын еске салды.

Осылайша, 2025 жылы базалық зейнетақы мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-дан 110%-ға дейінгі аралығында болады. Жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысушылар үшін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін жинақтаушы зейнетақының орташа мөлшері 35 мың теңгені құрайды, – делінген министрліктің хабарламасында.

Сәйкес жаңалықтар

Түркістан: Шалғай аудандарда мәдениет, білім және спорт салаларын дамытуға қолдау көрсету жанданады

admin

Мемлекет басшысы білім беру мекемелеріне арналған жиһаз шығаратын «Аqniet Holding» өнімдерін көрді

admin

Отандастарымыздың зейнетақы активтері 20 трлн теңгеден асты

admin