2022 жылдың 1 сәуірінен бастап АЕК 3180 теңгеге дейін өсті

«2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға енгізілген түзетулерге сәйкес 2022 жылғы жекелеген есептік көрсеткіштердің мөлшері ұлғайтылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сонымен, 2022 жылғы 1 сәуірден бастап мынадай есептік көрсеткіштердің мөлшері:

  • айлық есептік көрсеткіш – 3 180 теңге;
  • мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 20 191 теңге;
  • ең төменгі зейнетақы – 48 032 теңге;
  • базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі 37 389 теңгені құрайды.

Сонымен қатар, ең төменгі жалақы өзгерген жоқ және 2022 жылы 60 000 теңгені құрайды.

Сондай-ақ жасы бойынша зейнетақы төлемдеріне және ұзақ еңбек сіңіргені үшін зейнетақы төлемдеріне бөлінетін қаражат олардың мөлшерлерінің ұлғаюын ескере отырып қарастырылады:

  • 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 7%-ға;
  • 2022 жылғы 1 сәуірден 4%-ға.

ПІКІР ЖАЗУ