Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

2 млн теңгенің алтын бұйымдарын ұрлаған бойжеткен ұсталды

Ақмолалық полицейлер 2 млн теңгеден астам сомаға алтын бұйымдарды ұрлаған бойжеткенді анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Көкшетау қаласының полиция басқармасына жергілікті тұрғын ұрлық дерегі туралы өтінішпен жүгінді. Жәбірленушінің айғақтарына сәйкес, ол пәтердің кілтін туысына қалдырып, шетелге сапарға кеткен. Қайтып оралған әйел үйден алтын бұйымдардың ұрланғанын анықтаған.

Залал сомасы 2 млн 380 мың теңгені құрады. Полиция басқармасы аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер күдіктінің жеке басын анықтады. Ол есірткіге тәуелді облыс орталығының 21 жастағы тұрғыны болып шықты. 

Жәбірленушінің туысы ретінде күдікті өтініш берушінің тұрғын үйінің кілттеріне еркін қол жеткізіп, алтын бұйымдарды ұрлап кетіп, ломбардқа өткізіп жіберген. Тергеу барысында болған оқиғаның барлық мән-жайлары және күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысының бар-жоғы анықталып жатыр.

Сәйкес жаңалықтар

Түркістан: Түлкібаста тарихи басылымға көше атауы берілді

admin

Ордабасы: көрсеткіштерді орындай алмаған сала жауаптыларына шара көріледі

admin

«Айбынның» көшбасшы командалары «Күшіміз бірлікте» әскери-далалық тактикалық ойындарына қатысты

admin