Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

14 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов Самал-3 шағын ауданындағы Ізгілік көшесінен Юсупов көшесіне дейінгі аралықтағы Тыңдала көшесінде жүргізіліп жатқан орташа жөндеу жұмыстарымен танысты. Асфальт жабындысы төселетін көше ұзындығы 2,2 шақырымды құрайды.

Сонымен қатар, Қазақ ордасы, Алмалы бақ және Мәңгілік ел көшелерінде жол құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Жалпы биыл Самал-3 шағын ауданында 25,2 шақырымды құрайтын 14 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жоспарланған. Жол құрылыс жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес іске асырылуда.

Айта кетейік, шағын ауданда 2025 жылға Төлепбергенов, Алтынбастау, Ештай ата, Арайтаң, Әлменов, Ақтасты, Тәуекел хан көшелерін орташа жөндеу жұмыстары жоспарлануда.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Алматы қалалық күрес федерациясына жаңа басшы келді

admin

30 жылда Қазақстаннан миллиардтаған доллар заңсыз шығарылды – Қуантыров

admin

Қамкөңіл балаларға қуаныш сыйлады

admin