100-ге 100: Ресей мен Украина тұтқын алмасты

АСТАНА. KAZINFORM – Ресей мен Украина тұтқын алмасты – екі жақтан 100 әскери қызметкер үйлеріне оралды, деп жазады Еuronews.

Владимир Зеленский оралған украиндықтардың басым бөлігі Мариуполь мен «Азовсталь» металлургия зауытын қорғағанын айтып, бүгінге дейін 3135 украин азаматы Ресей тұтқынынан босатылғанын жеткізді.

Бостандыққа шыққан ресейлік сарбаздар «емдеу мекемесінде ем алып, оңалтудан өту үшін» Мәскеуге жеткізілді.

Бұл жолы да екі ел арасында Біріккен Араб Әмірліктері делдал болды.

Тұтқын алмасу — Ресей Украинаға зымыран және дрон шабуылдарын жалғастырып жатқан кезде болды.

ПІКІР ЖАЗУ