10 жылда 400-ге жуық көрме өткізілді

Шымкент қаласының мәдени ошағы – Көрме орталығының халыққа қызмет көрсетіп келе жатқанына биыл 10 жыл. Бүгінде орталықта өтіп жатқан іс-шаралар заманауи форматта айшықталуда.

10 жыл ішінде өткен 378 көрменің 50-ден астамы халықаралық деңгейдегі іс шаралар. Африка елдерінің, “HALAL EXPO “ , “Poneton” , «Worldskills», Иран Ислам республикасының, Өзбекстан республикасының, “AgriTekShymkent” халықаралық көрмелері жергілікті бизнес өкілдерінің әріптестік байланысына жол ашты.

Елдің ерекше қызығушылығын туғызған “KAZDENTEXPO-ЮГ” халықаралық стоматологиялық көрмесі де жыл сайын өтеді. Көрмеде тұрғындар денсаулықты жақсартуда пайдалы кеңестер алып, кәсіпкерлер озық технологияларға негізделген әдіс-тәсілдерді кеңінен қолдануға мүмкіндік алады. 10 жылдық мерейтой қарсаңында қала әкімдігінің қолдауымен Тәжікстан елінің құрылыс көрмесі және Түркия елінің брендтік киімдер көрмесі ұйымдастырылып, тауарлар халыққа тиімді бағада ұсынылады.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ