«№1 колледж» МКҚК-нда 15 қараша күні «Жұмыс беруші күні» өткізілді.

«№1 колледж» МКҚК-нда 15 қараша күні «Жұмыс беруші күні» өткізілді. Шақырылған әлеуметтік әріптестер колледждің материалдық техникалық базасы және қолдан жасалған шығармашылық жұмыстар мен көрмелерді аралап көрді.

Жиынды колледж директоры Б. Қордашбеков ашып, жүргізіп отырды. Директордың оқу- өндірістік жұмыстар жөніндегі орынбасары А.Сағындықов баяндама жасады. Слайдтар мен бейне роликтер көрсетілді.

Жиынға ҚР «ҰКП» Түркістан облысы, Созақ аудандық филиалының төрағасы А. Анарбайұлы, Созақ аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Е.Даулетбаев, ауыл әкімі Б.Аяпов, әлеуметтік әріптестер «UKO-S Star» ЖШС нің атқарушы директоры Н.Акенов, «Волков-геология ГРЭ-5» АК филиалының директоры Қ.Бекишов, Созақ аудандық «Демеу» мүгедектер қоғамының төрайымы Б. Смахова және шаруа қожалықтарының төрағалары мен жеке кәсіпкерлер қатысты.

Жиында әлеуметтік әріптестерге ҚР Оқу-ағарту министрлігінің және Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының

«Алғыс хаттары» тапсырылды.

Бас қосқан «Жұмыс беруші күні» жиын соңында екі жақты колледж бен әлеуметтік әріптестер арасында студенттерді өндірістік іс тәжірибеден өткізу және еңбекке орналастыру туралы меморандумға қол қойды.

ПІКІР ЖАЗУ